jasqazaq.kz

Алматыда банк қызметкерін өлтірген күдікті құрықталды

15 қыркүйек 2016, 10:50

Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі 3-қыркүйекте түнде жоғалып кеткен Нұршат Розиевті өлтіруі ықтимал деген күдіктіні ұстады, деп хабарлады.

„Алматы қаласы ішкі істер департаментінің криминалдық басқарма қызметкерлері жедел іздестіру шаралары кезінде Нұршат Розиевті өлтіруі ықтимал күдіктіні анықтап, оны ұстады. Сотқа дейінгі тергеу барысында белгілі болғандай, 25 жастағы Алматы қаласының тұрғыны оны арада туған даудан соң бұзақылық ниетте өлтіріп алған. Қылмысын жасыру мақсатында ол Розиевтің үйін өртеп, ал оның денесін қаланың сыртындағы көлге апарып, ағызып жіберген„ деп хабарлады қалалық ішкі істер департаментіндегілер.

Сотқа дейінгі ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-тармағына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды.

Еске сала кетелік, 28 жастағы Нұршат Розиевті соңғы рет 3-қыркүйекте кешке көрген. Ал келесі күні туыстары оның үйінде өрт болғанын біледі, ал оған дейін үйі жағынан қатты музыка үні шығып жатыпты.

„Ол жоғалып кетті, ал тұратын үйі өртеніп кетті, аулада көлігі жоқ. Көлігінің марқасы — Ниссан Примера. Қошқыл көк түсті. Үйден екі теледидар жоғалған. Мүмкін көрген-білген адамдар бар шығар, бір хабарын беріңіздерші», деп әлеуметтік желі арқылы марқұмға іздеу салған туыстары жазған болатын.

365info.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде