jasqazaq.kz

Елбасы арпаны бидаймен шатастыратын әкім туралы әңгімеледі

14 қыркүйек 2016, 17:10

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев брифинг барысында журналистерге арпаны бидаймен шатастыратын әкім туралы күлкілі оқиғаны айтып берді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Бір кездері мен облыстардың біріне әкім тағайындадым. Екеуміз келе жатырмыз, ол «қандай ғажап бидай, қандай тамаша бидай» деп шаттанып жүр. Мен сонда «тоқтай тұр, бұл бидай емес, арпа ғой» дедім. Ондай да болады. Бидайдың сапасы жақсы, көңілім толды, көңіл-күйім көтеріңкі, өйткені диқандар астық алқабын дәнге толтырыпты. Ауа райы қарасып, шашпай-төкпей жинап алсаңыздар, нұр үстіне нұр болар еді», — деді Мемлекет басшысы тілшінің «Шортандының наны ұнады ма?» деген сұрағына жауап бере отырып.

Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына үлкен үміт артылып отырғанын атап өтті.

«Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әрқайсы 5,5 млн тонна астық береді. Бүгінде елімізде 1 млрд пұт астық жиналды. Ақмола облысы тұрақты дамып келеді. Астананың өнеркәсібі өңірдің ауыл шаруашылығына көмектесуде. Ақмоланың қалаларында өнеркәсіп өсіп, кәсіпорындар ашылып жатыр. Таяуда іске қосылатын Масал кен-метталлургиялық комбинаты да үлкен демеу болады. Қазір мен тауар өндірушілерден Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай көмекке мұқтаж ауылдықтарға қол ұшын созып, мектептерді, ауруханаларды, балабақшалар мен көшелерді жөндеп беруді сұрадым. Мұның бәрі әрбір ауылда өмір сүру сапасын жақсарту үшін қажет»,- деп түйіндеді Президент.

bnews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде