jasqazaq.kz

Алматы облысында 18 жастағы жігіт бөтелкелесін пышақтап өлтірді

13 желтоқсан 2021, 13:35

4 желтоқсанда Еңбекшіқазақ ауданының ПБ-не Ақши ауылында мәйіт табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы бұл фактіні растады. «Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылының 18 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Жауап алу барысында ұсынылған дәлелдемелерден кейін күдікті өз кінәсін толық мойындады. Ұсталған азаматтың айтуынша, алкогольдік ішімдік ішу кезінде ол қайтыс болған адаммен сөзге келіспей қалып, оның кеуде мен мойын тұсына ас үй пышағымен бірнеше соққы жасаған. Алған жарақаттары салдарынан 43 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмған», – деп хабарлады Еңбекшіқазақ АПБ бастығының орынбасары Айдар Омаров. Оқиғадан кейін күдікті оқиға орнынан бой тасалаған. Ал пышақты лақтырып жіберген. 18 жастағы күдіктіге қатысты ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол уақытша ұстау оқшаулағышына қамауға алынды.

Ktk.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде