
«Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі – Қор) Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Қордың Қоғамдық кеңесі мүшелерін іріктеуге арналған конкурс жариялайды.
Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне 10 адам сайланады, оның 3 Қордың өкілдері, 7- азаматтық қоғам өкілдері.
Конкурсқа қатысуға ниет танытқан азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдардың өілдері хабарландыру жарияланған соң 10 жұмыс күні ішінде келесі құжаттарын тапсыруға тиіс:
1) Қордың Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша хаты және (немесе) осы туралы жеке азаматтың өтініші;
2) үміткердің өмірбаяндық деректері көрсетілген кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталмағанын/сотталғанын растайтын анықтама;
4) психикалық ауытқушылықтар мен тәртіп бұзушылықтарының (ауруларының), соның ішінде психобелсенді заттарды қабылдауға байланысты науқастығы бар/жоғын айғақтайтын анықтама;
5) ҚР азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
6) үміткердің түйіндемесі;
7) білімі, ғылыми дәрежесі туралы құжаттарының, лицензиялары және/немесе патенттері, куәліктері мен серитификаттарының (бар болған жағдайда) нотарисупен куәләндырылған көшірмесі.
Қордың Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы ұсынылуы мүмкін. Және келесідей талаптарға сай болуы шарт:
1) еңбек өтілі – 10 (он) жылдан кем емес, соның ішінде 5 (бес) жыл басшылық лауазымдарда;
2) жоғары білімі бар болуы және Қор және ұлттық компаниялар қызметінің салалары мен бағыттары бойынша халықаралық сертификаттары қажет;
3) Қор/Қордың ұлттық компаниялары қызметінің салалары мен бағыттары бойынша және мемлекеттік органдармен ынтымақтастық саласында жұмыс тәжірибесі болуы шарт;
4) Қоғамдық кеңеске сайланған жағдайда тікелей немесе ықтимал мүдделер қайшылығы болмауы тиіс.
Құжаттар 2021 жылдың 24 жетоқсанына дейін (қоса алғанда) қабылданады. Оларды Нұр-Сұлтан қ-сы, «Есіл» ауданы, Сығанақ к-сі, 17/10 үйге қолма-қол немесе q-kenes@sk.kz электрондық поштасына жіберуге болады.