jasqazaq.kz

Астанада қаржы пирамидасының белгілері бар компания анықталды

06 желтоқсан 2021, 16:28

Қаржылық мониторинг агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржы пирамидалары салымшыларды тарту үшін көбінесе өздерін жоғары табысты инвестициялар саласындағы ұйымдар ретінде көрсетеді. Мұндай компаниялар микроқаржы ұйымдары, тұтыну кооперативтері, ноу-хау жобалар, зергерлік және өзге де компаниялар ретінде заңды түрде тіркеледі. ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жедел-іздестіру шаралары барысында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында салымшылардың қаражатын тарта отырып, оларға кемінде үш жаңа салымшыны қосқан жағдайда салым сомасының 100% қайтаруға уәде етіп келген «Best Road Investment» ЖШС қызметі анықталды. «Қазіргі уақытта зардап шеккен адамдар мен келтірілген залалдың сомасы анықталуда. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды. Құрметті азаматтар! Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз «Best Road Investment» ЖШС салымшылары болсаңыз, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ЭТД сенім телефонына +7 7172 31 61 45 хабарласуды сұраймыз», — деді агенттіктің баспасөз қызметінен.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді