jasqazaq.kz

Ер адам ұшақ орнынан қозғала берген сәтте секіріп кетті

05 желтоқсан 2021, 15:52

Ер адам Аризона штатындағы Финикс Скай-Харбор халықаралық әуежайында орнынан қозғалып, ұшуға бет алған ұшақтан секірген. Бұл туралы CNN агенттігі Southwest Airlines әуе компаниясына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Оқиға Колорадо-Спрингс бағытында ұшып келе жатқан 4236 рейсінде болған.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ келген жолаушылар үшін шығу жолдарының біріне қарай жылжып бара жатқанда, борттағы жолаушы ұшақтан (әуе кемесінің) артқы бөлігіндегі люк арқылы шыққан» — деді Southwest Airlines өкілі Дэн Лэндсон.

Содан кейін капитан ұшақты тоқтатып, авиациялық-диспетчерлік қызметті хабардар еткен. Ер адам ұшу-қону жолағына құлап, аяғын жарақаттап алған.

Әуежайда орналасқан өрт сөндіру бөлімінің өкілі Тодд Келлердің айтуынша, өзі олардың ғимараттарына жетіп, бөлмелердің біріне кірген де есікті ашпай қойған.

«Бірнеше минуттан кейін өрт сөндірушілер ер адамды есікті ашуға көндірген, содан кейін тексеріп, қажетті көмек көрсеткен және аяғын жарақаттап алған оны ауруханаға жеткізген», — деп нақтылады Келлер.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде