jasqazaq.kz

Түркістан облысының әкімдігінде спортқа бөлінген 70 миллион теңге жымқырылған

04 желтоқсан 2021, 12:12

Түркістан облысында Дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері спорттық іс-шараларды өткізуге бөлінген ақшадан 70 миллион теңге жымқырған. Облыстық мамандандырылған сотта қылмыстық істер қаралды, — деп хабарлайды  Otyrar.kz.

Қырықбаев П., Пернебаева М., Оспанова Б. және Әшірбекова Г. қылмыстық топ құрып, оған басшылық жасады, қызмет бабын пайдалана отырып аса ірі мөлшерде ақша жымқырды деп айыпталды (ҚК-нің 262-бабы 3-бөлігі, 189-бабы 4-бөлігінің 1 және 2 тармақшалары).

Портал мәліметінше, оқиға 2019 жылы басталған. Ол кезде бекітілген жоспарға сәйкес Дене шынықтыру және спорт басқармасы жарыстар мен оқу-жаттығу жиындары түрінде түрлі спорттық іс-шараны өткізіп жүрген.

Басқарма басшысы П.Қырықбаев спорттық іс-шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ олардың қатысушыларын қаржыландыру туралы бірқатар бұйрық шығарған. Алайда бөлінген қаражатқа спорттық іс-шаралар өткізілмей немесе ішінара өткізіліп, қаражат толық игерілді деп есеп берілген.

«Аға жаттықтырушы ақшаны шығарғаннан кейін бір бөлігін әкімдік қызметкерлеріне беріп отырған. Ақшаның қалған бөлігіне жаттықтырушылар спорттық іс-шаралар өткізген немесе өзіне қалдырған. Осылайша, мемлекетке шамамен 70 миллион теңге көлемінде залал келтірілді», — делінген материалда.

Іс материалдарын зерделеу барысында сот П.Қырықбаев пен Б.Оспанованың ауыр зардаптарға әкеп соқтырған немқұрайдылығына тағылған айыптарын қайта саралады. Қырықбаевқа сот үкімімен 2 жылға бас бостандығын шектеу, оның әріптесі Оспановаға 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімімен М.Пернебаев пен Г.Әшірбекова аса ірі көлемде ақша ұрлағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысы 7 жылға сотталды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде