jasqazaq.kz

Ақтауда зорланған қыздың ағзасы ем қабылдамай жатыр

14 қыркүйек 2016, 15:23

1581b561018e5d99ddb3947cf710d650

Дәрігерлер жасап жатқан емдік шаралары Ақтауда зорланған алты жасар қыздың ағзасына әсер етпей жатыр.  «Оның жағдайы бұрынғыдай. Оң не теріс жаққа өзгерістер байқалмайды (…) Ол әлі де есін жимады», –  деді Астанадағы Ана және бала орталығының баспасөз қызметкері Данияр Меңлібеков.

Ол отандық мамандармен қатар  Кембридж Университеті мен Мәскеуден келген ақ халаттылар қолынан келгенін жасап жатқанын еске салды. «Дәрігерлер емдеу шараларының ағзаға қалай әсер ететінін күтуде, алайда болжам жасамай отыр», –  деп қосты Д.Меңлібеков.    Еске сала кетейік, 20 тамызда Ақтауда алты жасар қыз жоғалып кетті. Бірнеше сағаттан кейін полицейлер баланы өндірістік аймақ ауданынан тапты. Қыз бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, оған ыстық өткен және денесінде көптеген жарақат бар. Дәрігерлер зорлау фактісін қуаттады, ҚР ҚК 120-бабымен қылмыстық іс қозғалды.

27 тамызда алты жасар қыз Маңғыстау облыстық балалар ауруханасынан санавиациямен Астанаға жеткізілді.  6 қыркүйекте Ақтау полицейлері 6 жасар қызды зорлауға қатысты күдіктіні ұстады. Ол өз кінәсін мойындады. Тергеу мәліметінше, оның қызды зорлағанын генетикалық сараптама да растап отыр.

 

ҚазАқпарат

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде