jasqazaq.kz

Елімізде «несие жаппай кешіріледі» деген сөз қаншалықты рас?

30 қараша 2021, 15:21

Осы айдың басында әлеуметтік желіде «ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша несиелік рақымшылық жарияланыпты» деп айтылған видеолар тарай бастады. Осыған орай Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ресми мәлімдеме жасады.

Қазіргі кезде елімізде 2007-2008 жылдардағы әлемдік қаржы дағдарысы мен ұлттық валюта бағамының әлсіреуінен ипотека бойынша қарыз алушылар зардап шекті. Оларға көмек көрсету үшін агенттік «Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру» деген бағдарлама ұсынып отыр.

Бағдарлама 2004-2009 жылдар аралығындағы кезеңде теңгемен ипотекалық қарыздар, сондай-ақ 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін валюталық ипотекалық қарыз алғандарға қаржылай қолдау көрсетуге бағытталған,

— дейді агенттіктегілер.

Бұл бағдарламаға қатысу үшін халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар биылғы 1 желтоқсанға дейін несие беруші банкке өтініш түсіруі керек.

«Қосымша қаржылай көмектің мөлшерін және талаптарын банктер қарыз алушының қаржылық жай-күйін талдау негізінде жеке тәртіппен айқындайды. Ел азаматтарына дәйексіз мәліметтерге сенбеуге шақырып, басшылыққа тек ресми әрі тексерілген дереккөздерден алынған ақпаратты алуды сұраймыз», — деп мәлімдеді агенттіктегілер.

Бір сөзбен айтқанда, несиеге рақымшылық жасалады деген сөз шындыққа жанаспайды. Тек аталған агенттік төлеуге қауқары жоқтарға жеңілдік ұсынып отыр.

Express Qazaqstan

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде