jasqazaq.kz

Агросала субсидиясын жымқырудан келген шығын – 2 млрд 600 млн

30 қараша 2021, 11:19

Агросалаға бөлінген субсидияны жымқыру ісі бойынша жаңа деректер айтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, өндіріске 54 қылмыстық іс алынған. Ал мемлекетке келген шығын көлемі 2 миллиард 600 миллион теңгеден асады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне қатысты жемқорлық ісіне Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және тоғыз облыстағы шенділердің қатысы бар. 22 күдіктіге «қыруар қаржыны жымқырды» айып тағылып, 14-і қамауға алынған. Екеуі үйқамақта отыр. Әрбірінен тінту кезінде заттай дәлелдер алыныпты. Қылмыстық жауапқа тартылғандардың арасында 11 лауазымды тұлға, оның ішінде ветеринарлық бақылау комитетіндегі шенеуніктер, аграрлық орталық қызметкерлері, сондай-ақ аймақтардағы әкімдік өкілдері бар.

Жемқорлық дауына іліккендердің бірі жайылымдарда күн батареяларын орнату қызметтерін ұсынса, енді бірі сиырлар мен бұқаларды жалған таңбалармен шетелге заңсыз сатып отырған. Құжаттарға жалған электронды қолтаңба қойғандары да аз емес.

Антикор төрағасы субсидиялау саласындағы жиында бір ғасыр бұрынғы Алаш қайраткерінің дәйекті сөздерін мысалға келтіріп, бүгінгі министрлік ісіне күйінді.

Марат Ахметжанов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

— Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 1915 жылы өзінің бір мақаласында: «Байтақ жерде шалқып, мал басын қосып, еңбек ете алмай отырмыз, өкінішке қарай» — депті. Сол 100 жыл бұрынғы жағдай әлі осындай. Егемендігіміз бар, жеріміз бар, технологиямыз бар, қаражатымыз бар. Бірақ соның тиімділігін… Бұл нағыз біздің ұлттық мәселеміз деп айтуға болады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде