jasqazaq.kz

Қарағандыда түнгі клубта қыздар төбелесті

26 қараша 2021, 14:59

Қарағандыда түнгі клубта қыздар төбелесті. Бұл туралы Polisia.kz сайтында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды қаласының Полиция басқармасының Орталық полиция бөліміне түнгі сағат 01.30-да клубтардың бірінде клиенттер арасында жанжал туындағаны туралы хабарлама түскен. Бірер минуттан кейін оқиға орнына Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жеткен. Мән-жайды анықтай келе, 20 жастағы бойжеткен мен әйелдің арасында жанжал туындап, бойжеткеннің жарақат алғаны белгілі болды. «Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында полицейлер күдікті Жезқазған қаласының 25 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде», — делінген мәліметте.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде