
Әуе компаниясы Үндістан астанасымен тұрақты рейстерді қалпына келтіру туралы қуана хабарлайды. Рейстер 2021 жылдың 16 желтоқсанынан бастап аптасына 3 рет сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері Airbus A320 ұшағымен орындалады.
Алматыдан рейс 07:50-де ұшып, Делиге 11.10-да жетеді. Делиден қайтар рейс 12:20-да ұшып, Алматыға 16:40-та жетеді. Делиге ұшу ұзақтығы 3 сағат 50 минут болады.
Air Astana әуе компаниясы Киев, Бішкек, Ыстамбұл, Тбилиси және Бакуден транзиттік жолаушыларға ыңғайлы түйісулерді ұсынады.
Әуежай, жанар-жағармай және басқа да салықтарды қосқанда екі бағыттағы эконом-кластың билет құны 234 755 теңгеден, бизнес-класта 453 419 теңгеден басталады.