jasqazaq.kz

Оралда тоғыз қабатты үйдегі өрттен 30 адам эвакуацияланды

22 қараша 2021, 17:58

Оралда тоғыз қабатты үйдегі өрттен 5 адам құтқарылып, 30 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 22 қараша күні Құрманғазы көшесі 210/1- мекенжайында болды. Сағат 13.02-де 3 және 4 қабат арасындағы электр қалқаны, сондай-ақ 3-тен 5 қабатқа дейін 9 метр электр кабелі жанды. ТЖ департаментінің күшімен 5 адам құтқарылса, соның үшеуі – балалар. Оған қоса 30 адам шығарылды, оның төртеуі – балалар. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 13.41-де оқшауланып, 13.56-да сөндірілді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде