jasqazaq.kz

Қарағандыда құлдықта болдым деген Ресей азаматы сөзінен тайқыды (Видео)

17 қараша 2021, 22:50

Қарағанды облысында 20 жыл құлдықта болдым деген Ресей азаматы соңында сөзінен тайқып шықты. Кезінде Приозерск қаласындағы Ресей әскери бөлімінде борышын өтеген ол үйіне қайтпай, осы өңірде өзі қалып қойған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы:

— Полиция қызметкерлерімен бірден ҚР Ресей елшілігіне хабарлама берілді. Солардың қатысуымен қазір тергеу әрекеттері жүргізілуде. Алайда жәбірленуші азамат өзінің алдында жариялаған хабарламасынан қазір бас тартып отыр. «Мені ешкім ұстаған жоқ, мен өз еркіммен осы Қазақстанда болдым» деген мәлімдеме жасауда. Оның қолында әскери билеті және басқа құжаттары бар.

Бейнежазбада 44 жастағы Алексей Котов Қарағанды облысы Шет ауданындағы қыстақтардың бірінде 20 жыл құлдықта жүргенін айтқан. Көп ұзамай полицелер аталған қыстақты тауып, Алексей Котовты Қарағандыға жеткізіпті. Ол арызданған қожалық иесін де ұстап, қылмыстық іс қозғаған. Алайда айтқан сөзінен елшілік өкілдерінің көзінше бас тартыпты.

Айтуынша, әркери қызметтен кейін Қарағанды облысында қалып, қаңғыбас күйге түсіпті. Алайда ағынан жарылған Алексейді дипломаттар алды-артына қаратпай жетектеп ала жөнелді. Жалпақ жұртқа құлдықта жүргенін жар салғанан кейін сөзінен айнуының себебін тілшілер де білмек болған. Бірақ елшілік өкілдері білгісіз себептермен оны сөйлетпей, тіпті ерсі қылық та танытты.

-Оған сөйлеуге мұрша беріңіздер.

Не істеп жатырсыз, телефонымды қайтарыңыз.

-Ресей азаматымен не болғанын анықтаймыз.

-Бәрі жақсы. Ол осында.

-Оны алып кетесіздер ме?

-Иә.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде