jasqazaq.kz

Екі адам көз жұмды: Ақтаудағы жол апатының видеосы пайда болды (Видео)

10 қараша 2021, 13:15

 Зардап шеккен тағы бір адам ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер шұғыл ота жасады.

Бір көлік өртеніп кетті. Ақтауда екі көлік соқтығысып, салдарынан екі адам көз жұмды. Жол апаты 8 қараша күні 17-ші және 18-ші шағын аудандары арасында болған. Mercedes-Benz жүргізушісі бұрылмақ болған кезде аса қатты жылдамдықпен келе жатқан Toyota Corolla көлігі келіп соқтығысады.

Соққы салдарынан Corolla аударылып, өртенді. Ал Mercedes көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қатты соққыдан көліктен ұшып шыққан. Олар алған жарақат салдарынан жедел жәрдем жеткенше көз жұмды. Corolla-да болған адам да зардап шекті. 1988 жылы туған ер адам бастың жабық жарақаты, оң жақ тобығының ашық жарақаты диагнозымен ауруханаға жеткізілген болатын. Дәрігерлер шұғыл ота жасаған. Полиция департаменті болжамына сәйкес, Mercedes-Benz жүргізушісі Toyota Corolla-ға жол бермеген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде