jasqazaq.kz

Байланыс операторларға 100 миллион теңге айыппұл салынды

09 қараша 2021, 17:40

Қазақстандық операторларға байланыс сапасын тексеру қорытындысы бойынша 100 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомствоның Tengrinews.kz сауалына берген жауабында айтылғандай, бұған дейін елімізде байланыс қызметінің әдістемесі мен сапасының көрсеткіштері бекітілген. Байланыс операторлары үшін интернет жылдамдығының ең төменгі талаптары белгіленді.

«Биылғы жылы (8 қарашадағы жағдай бойынша) министрлік байланыс операторларына қатысты 454 тексеру жүргізіп, 100,1 миллион теңге көлемінде айыппұл салды. Жүргізілген тексерулердің саны министрлікке келіп түскен хабарламалардың санына байланысты», — делінген хабарламада.

Министрлік сондай-ақ байланыс қызметін көрсететін ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жауапкершілігін күшейту бойынша түзетулер дайындағанын қосты. Байланыс саласындағы сапа стандарттарына, техникалық нормаларға және байланыс қызметтерінің сапасы көрсеткіштеріне сәйкес келмейтін пайдаланушыларға байланыс қызметтерін көрсеткені үшін жасалған байланыс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін айыппұлдың мөлшерін ұлғайту жоспарланып отыр.

Байланыс операторларына айыппұлдар ҚР ӘҚБтК-нің 637-бабында көзделген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде