jasqazaq.kz

Ескерту: Төрт облыс аумағында жел күшейеді

08 қараша 2021, 17:04

Ертең еліміздегі 4 облыс аумағында жел күшейеді, жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

9 қарашада күндіз Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 25 м/с болуы ықтимал. Петропавлда ертең күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін. 9 қараша Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. 9 қарашада таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстік жартысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с болады. Көкшетауда ертең таңертең және күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. 9 қарашада Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал. Синоптиктердің ескертуінше, ертең Алакөл маңында жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 17-22 м/с жетеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде