jasqazaq.kz

Қазақстанда кейбір сот істеріне робот шешім шығарады

05 қараша 2021, 16:19

Қазақстанда судьяның қарауын талап етпейтін даусыз істер бойынша робот шешім шығарады. «Судьяның смарт көмекшісі» жобасы туралы ҚР Жоғарғы Сотының ресми өкілі Айдос Сәдуақасов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз сот жүйесіне робот бағдарламасын енгізуді бастап кеттік. Осы бағдарлама бойынша судьяның қарауын талап етпейтін даусыз істер іріктеліп алынады. Статистика бойынша, дәл осындай 400 мыңға жуық бар. Әсіресе, шартты түрде мерзімінен босату, санкциялар және ел аумағынан шығып кету істері негізінен судьялардың егжей-тегжейлі қарауын талап етпейді. Мұны автоматтандырылған бағдарлама көмегімен жүзеге асыруға болады. Яғни, робот сот шешімі жобасын дайындайды. Судья тексеріп, тек қолын қояды. Егер техникалық қателер кеткен жағдайда, судьяның қайта қарап шығу мүмкіндігі бар», — деді спикер Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, Жоғарғы сот «Атамекен» палатасымен бірлесіп, «Цифрлық талдау» жобасын әзірлеп жатыр.

«Азаматтар өз дауларының қалай аяқталатынын осы бағдарлама көмегімен біле алады. Интеллектуалды іздеу жүйесі мен арнайы кілт сөздер арқылы республикадағы ұқсас даулардың қалай қаралғанын, онда қандай шешімдер қабылданғанын біле алады. Осылайша, талап арыздардың сапасы артады және сотқа арызды берген дұрыс па, берген жағдайда қанша пайызға жеңіп шығу ықтималдығы бар – осының бәрін «Цифрлық талдау» қызметі алдын ала айтып береді», — деді А. Сәдуақасов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде