jasqazaq.kz

Алматы облысында әйел 10 жастағы ұлын өлтірмек болды

04 қараша 2021, 11:37

Алматы облысының Өтеген батыр ауылында анасы баласын өлтірмек болды.

Бұл оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды.

Бірнеше пышақ жарақаты бар он жастағы бала 3 қараша күні түстен кейін ауруханаға түсті. Фельдшер жарақатты баланың анасы салғанын айтты. Бала 16 жерінен пышақталған, тіпті тамағы да кесілген, — делінген @angry_taldyk хабарламасында.
Баланы шұғыл түрде операциялық блокқа апарды.

Дәрігерлер бригадасы: хирургтар мен анестезиолог-реаниматолог операцияға кірісті. Сондай-ақ, баланың травматикалық және геморрагиялық шок алғаны анықталды.

Кейінірек баланың анасы соңғы үш күнде біртүрлі мінез байқатқаны белгілі болды. Ол өзін Tik-Tok кейіпкерлері өлтіргісі келетінін айтыпты. Ал ұлы оған ойынға қатысушылардың бірі болып көрінген. Қайта әйел 7 жасар қызына шабуыл жасамаған, — деп қосты автор.
Облыс полициясы күдіктінің ұсталғанын және полиция бөлімінде екенін мәлімдеді.

Оған қатысты сот-психиатриялық сараптама тағайындалды, бұлтартпау шарасын таңдалып, оны психологиялық диспансерге жатқызу мәселесі қарастырылуда. Заттай айғақтар мен қылмыс құралы – пышақ тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысында істің барлық мән-жайы анықталады, деп толықтырды баспасөз қызметі.

Zakon.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде