jasqazaq.kz

Қарағандыда ер адам ЖШС директорына атты

02 қараша 2021, 12:12

Қарағанды қаласында ер адам тапаншамен ЖШС директорын атты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды қаласы полиция басқармасының Орталық полиция бөліміне сауда кәсіпорындарының бірінде жанжал шығып, қару қолданылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына патрульдік полиция полкінің жасағы шықты. Онда ЖШС-нің бірінің 30 жастағы директоры бір кісімен арада жанжал шыққанын айтты. Ерегіс барысында қаскүнем «Оса» травматикалық тапаншасынан оқ атты. Оқ жарақатын алған ер адам медициналық көмекке жүгінді, бірақ ауруханаға жатқан жоқ. Полицейлер 29 жастағы ер адамды ізін суытпай ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындады. Травматикалық тапанша алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабымен («Қаруды заңсыз сақтау немесе ұстау») қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүргізілуде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде