
Аталмыш фактіге қатысты cараптама тағайындалды. Тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бүгін, 1 қараша күні сағат 08.40-та «ВАЗ-2110» маркалы автокөліктің 21 жастағы жүргізушісі М.Горький көшесі мен Абай көшелерінің қиылысында жүріп келе жатып, «Жол бер!» жол белгісінің талаптарын орындамастан, «Хонда» маркалы автокөлігімен соқтығысқан.
— Соққыдан «ВАЗ» жүргізушісі жеке тұрған үйдің қоршауына соғылған, қоршау өтіп бара жатқан адамның үстіне құлаған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан павлодарлық тұрғын жарақатпен ауруханаға жеткізілді. «Хонда» жүргізушісінің әйелі мен қызы медициналық көмекке жүгінді, — дейді департаментте.
Посмотреть эту публикацию в Instagram