jasqazaq.kz

Оралда өзгені бопсалап, ақша алып жүрген екеу ұсталды

26 қазан 2021, 10:43

Оралдық тұрғынды бопсалап ақша алған екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалдық полиция басқармасына Орал қаласының екі тұрғынына қатысты жедел ақпарат келіп түсті. Атап айтқанда, 41 жəне 35 жастағы екі ер адам осы жылдың тамыз айынан бері 40 жастағы азаматқа күш көрсетіп, екі миллион теңге көлемінде ақша бопсалап келген.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. БҚО Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының кешенін жүргізу барысында ұсталғандар тарапынан қылмыстық әрекеттердің басқа да көріністері белгілі болды.

«22 қазан күні Орал қаласында БҚО ПД қызметкерлері БҚО бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп, күдіктілерді жәбірленушіден 70 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат алған кезде ұстады. Жүргізілген тінту барысында заттай дәлелдемелер алынды. Ұсталғандар қамауға алынды», – деді полиция қызметкерлері.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде