jasqazaq.kz

Өзбекстанда Президенттік сайлау өтіп жатыр

24 қазан 2021, 15:39

Өзбекстанда президенттік сайлау басталды. 24 қазанда таңғы сағат Ташкент уақытымен 8:00-де республиканың барлық сайлау учаскелері мемлекеттік әнұранмен ашылды. Бұл туралы  Өзбекстанның Uza.uz сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Мәліметтерге сүйенсек, биылғы сайлауға елдегі ұйымдастырылған сайлау учаскелерінде жалпы 19 миллион 859 мың 127 сайлаушы тізімге енгізілген. Оның ішінде 9 миллион 459 мың 273 немесе 48 пайызы ер адамдар, 10 миллион 399 мың 854 немесе 52 пайызы әйелдер. 6 миллион 458 мың 283 азамат 30 жасқа дейінгі жастар болып, оның 887 686-сы сайлауда алғаш рет дауыс береді.

Шет мемлекеттерде жалпы 54 сайлау учаскесі ашылған. Олардағы сайлаушылар тізіміне барлығы 299 780 азамат енгізілген.

Сайлау процесін қадағалауға халықаралық байқаушы ретінде шетелден 971 азамат келген. Оның ішінде 20-ға жуық ықпалды халықаралық ұйым, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы мен Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мен ТМД Парламентаралық Ассамблеясы, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі, Түркі кеңесі Парламенттік ассамблеясы мен Ислам ынтымақтастығы ұйымы және басқа да халықаралық ұйымдардан барлығы 631, сондай-ақ әлемнің 50-ге жуық елінен 340 халықаралық бақылаушы жағдайды тікелей бақылауда.

Азаматтардың дауыс беру процесі сағат 20:00 -ге дейін жалғасады.

Қазақстандағы Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтау қалаларындағы Өзбекстанның дипломатиялық өкілдіктерінен сайлау учаскелері ашылды. Сондай-ақ барлық облыстарда көшпелі сайлау комиссиялары жұмыс істейді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде