jasqazaq.kz

Тәліптер Кабулде журналистерге шабуыл жасады

22 қазан 2021, 11:09

«Талибан» қозғалысының әскері Кабулдағы митингіні түсіріп жатқан журналистерге шабуыл жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

21 қазанда 20-ға жуық әйел бас қаланың көшелерінде құқықтарын талап етіп наразылық акциясына шықты. Олар «Жұмыс, нан және білім» деп ұрандап тұрды.

Көп өтпей тәліп әскерінің бірі оқиғаны түсіріп жатқан шетелдік журналисті қаруымен итеріп жіберген. Тағы бір журналистке қол салғанын «Франц-пресс» агенттігі жазды.

Ақпаратқа қарағанда, екі журналист жарақат алған.

«Тәліптер әйелдерді де, шетелдік, жергілікті журналистерді де сыйламайды», — деді акцияны ұйымдастырушылардың бірі Захра Мухаммади.

Әзірге «Талибан» қозғалысы бұл оқиға туралы түсініктеме бермеді.

Ауғанстан билігіне келген «Талибан» қозғалысы әйелдер құқығы шариғатқа байланысты қаралатынын мәлімдеген.

Қазір Ауғанстандағы 34 провинцияның бесеуінде ғана қыздарға орта мектепке баруға рұқсат берілген. Әйелдердің көпшілігіне жұмысқа баруға тыйым салынған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде