jasqazaq.kz

Алматыда тұрғындар нашақор мен жезөкшеден мезі болды

11 қыркүйек 2016, 23:38
Алматылық тұрғындар ауласындағы нашақорлар мен жезөкшелердің қоқысынан аяқ алып жүруден қалған. Ары-беріден соң пайдаланылған ине аула балаларының аяғына қадала бастапты. Бұл қорлықтан әбден шыдамы таусылған тұрғындар жергілікті басшылықтан көмек сұрады. Бірақ шенділердің өздері қазір шарасыз күйде.

Егіліп жатқан нашақорларды бұл балалар ауласында күнде көретін болған. Оған алаңдаған ата-аналарының қолынан келер қайран жоқ. Түрксіб ауданындағы бірнеше көшенің тұрғындары осылай нашақорлар мен жезөкшелерден көресіні көріп отыр.

Гүлмира Құсайынова: Алматы қаласының тұрғыны:

-Жолдың қыздары осы жерде көрмей, клиентпен бірге келгенін осы жерге, машина қойып, білгенін істеп, олар нетіп жатыр да. 03:45 Біздің балалар енді осының бәрін, бәленің бәрін көріп, соның бәрін істейді ертең. Шприцті тауып, темекіні тауып, ауызға салып, қолға салып, ертең неше түрлі ауруларды табады.

Ауру табуы бек мүмкін. Өйткені, жерде шашылып жатқан инелер кішкентайлардың аяғына кіре бастаған.

Ал қыздардың өзі қымсынуды қойған. Тіпті тілшілерді көре сала тас ала жүгірді.

Түрксіб ауданындағы Сейфуллин, Щербаков, Чернышевский көшелерінің аумағы осы инеге отырғандар мен түнгі көбелектердің ордасына айналған. Олардың қорлығына төзе алмай зар илеген тұрғындардың жанайқайына жергілікті әкімдік мынадай жауап қайтарды.

Борис Жалғасбаев, Түрксіб ауданы көріктендіру бөлімінің басшысы:

Ауланың тазалығына тек пәтер иелері кооперативі жауапты. Әкімдік заң тұрғысынан ол ұйымның ісіне араласа алмайды. Дегенмен, тазалық компаниялары аудан аумағын қоқыстардан күнде тазартып отырады. Ал мына жағдайда тек бір әкімдіктің қауқары жеткіліксіз.

Жезөкшелер мен нашақорлар жойылмайынша аулалардың ластануы да тоқтамайтын сыңайлы. Өйткені, мәселені біржақты ету үшін әкімдік өкілдері қоғам болып жұмылып, түнгі кезекшілік шараларын қолға алу керектігін айтып отыр.

ktk.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде