jasqazaq.kz

Тараздағы аялдамада болған қайғылы жағдай: Жарақат алғандардың жағдайы жайлы дәрігерлер айтып берді

15 қыркүйек 2021, 16:45

Тараздағы автобус аялдамасындағы қайғылы оқиғадан соң зардап шеккендердің жағдайы туралы дәрігерлер айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме беріп.

Белгілі болғандай, 15 қыркүйекте сағат 07.00 шамасында жедел жәрдем станциясына қоңырау түскен. Мыңбұлақ ықшамауданындағы көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету қажет болған.

Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасы төрт адамның зардап шекенін айтады.

«Оның ішінде бір әйел жансақтау бөліміне жеткізілді, қажетті емдеу жүргізіледі. Әйелде жабық бас миының жарақаты, бас миының шайқалып, сол жақ төменгі аяғының ортаңғы үштен бір бөлігінің жабық сынуы және оң жақтағы төртінші және бесінші саусақтары сынған.

Тағы бір азаматшаға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ол жабық бас жарақатын алған. Сонымен қатар, басының төбе аймағының жарақатын алған. Оған емханасында амбулаторлық емделу ұсынылды «, – деді басқармада.

Тағы екі әйел жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болды. Олардың шамамен жасы-40-45 және 60-65 жас.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде