jasqazaq.kz

Тоңазытқыш тасымалдағандар елді күлдірді (Видео)

14 қыркүйек 2021, 18:03

Ақтөбеде тоңазытқышты тасымалдаудың ерекше жолын тапқандар видеосы әлеуметтік желі қолданушыларын күлдірді.

Видеоға қарағанда, ақтөбелік екі тұрғын Lada Priora автокөлігінің жүк салғышына тұрмыстық техниканы сыйдыра алмаған көрінеді. Алайда оларды бұл жағдай тоқтатпаған: олар тоңазытқыштың бір жағын көліктің жүк салғышына қойып, ал екінші жағын тағы біреуі көтеріп жүрген.

Tengrinews.kz хабарлағандай, әлеуметтік желі қолданушылары видеоға түрлі пікір қалдырған. Көпшілігі тоңазытқыштың бір жағын көтеріп жүрген ер адамды, «нағыз дос» екен деп әзілдеген.

«Егер достық болса, тек осындай болсын!», «Бәріңізге мына жігіттің омыртқасы сияқты берік достық тілеймін!» — деп жазылған пікірлерде.

Ақтөбе облысының поиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірген. Олар жол жүру ережесін бұзу дерегі тіркелмегенін мәлімдеді.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде