jasqazaq.kz

Алматыда ковид жұқтырған жүкті әйел босанған соң қайтыс болды

10 қыркүйек 2021, 17:20

Алматы тұрғыны жүктілік кезінде коронавирус инфекциясын жұқтырып, босанғаннан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылар COVID-19-дан қайтыс болған алматылық әйелдің жағдайына қатысты түсініктеме берді.

Емделуші К. 31 шілдеде No4 перзентханаға келіп түсті. Ауруханаға түскен күннен бастап ана мен баланың өмірін сақтап қалу үшін барлық шаралар жүзеге асырылды. Ауруханада науқасты толық клиникалық және зертханалық тексеруден өткіздік. Ем-дом шарасы COVID-19 диагнозы мен емінің клиникалық хаттамасына сәйкес жүргізілді, деп түсіндірді Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Ауруханада болған кезде науқастың үнемі дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің бақылауында болғаны айтылады. Көмек толық көлемде көрсетілді.

Тыныс жетіспеушілігі жоғарылауын ескере отырып, 8 тамызда жүкті әйел жан сақтау және қарқынды терапия бөліміне ауыстырылды. Оның жағдайы ауырлап, 13 тамызда әйел 33 апта 5 күндік кезеңде мерзімінен бұрын босанды, нәресте тірі, — дейді басқарманың баспасөз қызметі.
Белгіленгендей, сол күні әйелдің жағдайы тыныс алу жетіспеушілігінің жоғарылауына және интоксикация белгілеріне байланысты нашарлаған. Науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Бірақ толыққанды емдеу шаралары жүргізілсе де, оның жағдайы біртіндеп нашарлап, ақырында жүрегі тоқтады.

No4 перзентхана 2021 жылдың наурыз айынан бастап COVID-19 жұқтырған жүкті әйелдерге көмек көрсету үшін қосымша жасақталған. Әйелдер ауруханаға жүктіліктің әр кезеңінде және коронавирус инфекциясының әртүрлі жүруімен келіп түсіп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде