jasqazaq.kz

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Руслан Валиуллин допингпен ұсталып қалды

09 қыркүйек 2021, 11:10

Футболдан қостанайлық «Тобыл» мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Руслан Валиуллин допингпен ұсталып қалды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет өзінің телеграм арнасында жазды.

«Қазақстан құрамасы мен «Тобылдың» қорғаушысы Руслан Валиуллиннің допинг сынағынан рұқсат етілмеген дәрмек табылды. Допингтің дәл қашан анықталғанын білмеймін. Бірақ осы себепке байланысты ол Боснияға қарсы кездесуге қатыспады.

Қорғаушының допинг сынағынан қандай рұқсат етілмеген дәрмек табылғаны белгісіз. Сонымен қатар, бұл сынақтың қай ойыннан кейін алғаны да анық емес. Менің ақпаратым бойынша, жағдай қиын»- деп жазды инсайдер.

Еске салайық, Руслан Валиуллин әлем чемпионатының іріктеуінде Украинаға қарсы ойнап, екі гол соққан еді. Ал кейін Финляндия мен Босния және Герцеговина құрамаларына қарсы кездесуге қатыспады.

vesti.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде