jasqazaq.kz

Жамбыл облысында аудан әкімдігінің қызметкері өлі табылды (Видео)

08 қыркүйек 2021, 17:28

Жамбыл облысында аудан әкімдігінің қызметкері өлі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың 2 қыркүйегінде Талас аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Қаратау қаласы көшелерінің бірінен оқ тиіп қайтыс болған ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Жедел-тергеу тобы оқиға орнына келгеннен кейін, қаза тапқан адамның атына тіркелген аңшылық мылтықтан өзіне оқ атқаны анықталды.

Қайтыс болған адамның жеке басы анықталып, оны туыстары таныды. Ол аталған елді мекеннің тұрғыны болып шықты.

Өзіне-өзі қол жұмсау себебін (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) және істің барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу органдары ҚР ҚК 105 бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қазіргі уақытта барлық қажетті сот сараптамалары тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР ҚІЖК 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде істің басқа да егжей-тегжейлері жария етілмейді.

Іnbusiness.kz порталының хабарлауынша, қаза тапқан ер адам — Талас ауданы әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Берік Кемелұлы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде