jasqazaq.kz

Жамбылдағы жарылыстан күйіп қалған тағы бір әскери ауруханада көз жұмды

07 қыркүйек 2021, 15:36

Жамбыл облысында болған жарылыстан жарақат алған капитан ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қорғаныс министрлігі таратқан мәліметке сенсек, 7 қыркүйекте Тараз қалалық ауруханасында 26 тамызда Жамбыл облысындағы оқ-дәрі қоймасында болған өртті сөндіру кезінде алған жарақаты салдарынан 28349 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, 1983 жылы туған капитан Ерлан Рысқұлбекұлы Қырғызәлиев қайтыс болды. Ол оқ-дәрі сақтау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған болатын. Қоймадағы өртті жоюға кіріскен алғашқылардың бірі болды. Cонымен Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан көз жұмғандар саны 16 болды, тағы бір адам іздестіріліп жатыр. Қорғаныс министрлігі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде