jasqazaq.kz

Ұйықтап жатқан төрт әйелді өлтірген ер адам сотталды (Видео)

06 қыркүйек 2021, 10:56

2020 жылдың 5 желтоқсанында ұрлық үшін бірнеше мәрте сотталған ер адам үйде ұйықтап жатқан төрт әйелді пышақтап тастаған.

Ақмола облыстық мамандандырылған соты төрт әйелді өлтірген қылмыскерді өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Kokshetau.Asia.

Тергеу нұсқасы бойынша 28 жастағы Валентин Штырь Бурабай аудандық полиция бөліміне өзі хабарласып, ұйықтап жатқан төрт әйелді өлтіргенін мойындаған. Айтуынша, ол өлгендердің бірін жақтырмаған, қылмысқа баруына да осы себеп болған. Ер адам қылмыс жасаған кезде мас күйде болған. Айтуынша, 70 жастағы әйел мен оның 41 жастағы қызын және екі көршісін өлтірген.

Ақмола облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты ер адамды кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танып, қылмыскерді өмір бойына бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, сотталған адам кінәсін мойындамай қойған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде