jasqazaq.kz

Маңғыстау облысы Боранқұл кен орнындағы жатақханада өрт болды

06 қыркүйек 2021, 10:07

Қыркүйектің 6-ы күні Нұр-Сұлтан қаласы бойынша шашамен сағат 04.55-те Маңғыстау облысы «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» ЖШС-не қарасты Боранқұл кен орнында екі қабатты жатақханада өрт шықты.

Қазір уақытта өрт ауыздықталды. Өртті сөндіруге «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС өртке қарсы қызметінің 2 өрт тобы жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Алдын ала мәліметтер бойынша оқиға кезінде екі адам қаза тауып, үш адам жарақат алған. Оқиға орнына «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС филиалының басшылығы барды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да Басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың жетекшілігімен оперативтік штаб құрылды. Жедел штабтың құрамына тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері кірді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде