jasqazaq.kz

Жалған пәтерлерді жалға беріп жүрген елордалық жігіт ұсталды

02 қыркүйек 2021, 14:55

Интернет арқылы пәтер жалға беретіні туралы жалған хабарландыру жариялап, тұрғындардың сазға отырғызып келген елордалық тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 24 жастағы елордалық жігіт алаяқтық әрекеттерге барды деген күдікпен қамауға алынды. Ол OLX сайтында жалға пәтер беретінін айтып, хабарландыру орнатқан. Хабарландырудың жалған екенін білдірмеу үшін өзге хабарландырулардан сурет көшіріп салып отырған. «24 тамыз күні сағат 15.00 шамасында 2 бөлмелі пәтерді 7 мың теңгеге тәулік бойы жалға беретіні туралы хабарландыру орналастырған. Хабарласқан клиенттердің бірімен жүзбе-жүз кесдесіп, ақшасы мен жеке куәлігін кепілге алады. Бірақ клиент ақшаны «елес пәтер» үшін төлегенін кейін білген», — деп жазады департаменттің баспасөз қызметі. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті бұл әдісті бірнеше рет адам алдау үшін пайдаланғанын мойындады. Оның бұл әрекетінен зардап шеккен өзге де адамдар анықталып жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде