jasqazaq.kz

Медицина саласының маманы парамен ұсталды

10 қыркүйек 2016, 18:56

Қостанай облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі жүйелі түрде пара алып, кәсіпкерлерге «қамқорлық танытқан» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаменті басшысы міндетін атқарушы К. Өтегенованы әшкереледі.

Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, тергеу арқылы К.Өтегенованың бопсалаумен жүйелі түрде облыс аумағында фармацевтикалық өнімдерді жеткізумен айналысатын кәсіпкерлерден тексеру барысында анықталған заң бұзушылықтар бойныша әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін заңсыз ақшалай сыйақылар алып тұрған.
Осылайша, қызмет бабын асыра пайдаланып, өз пайдасы үшін Өтегенова К. кемшіліктерге көз жұмып, тексеру қорытындысы бойынша оң дәйектеме беру үшін жеке кәсіпкерден 400 000 теңге көлемінде пара алған. Сонымен бірге, К.Өтегенова департаменттің бас есепшісіне қызметкерлерге сыйлықақы бөлу туралы тапсырма беріп, 150 мың теңгені өз қалтасына  жымқырған.
Лауазымды тұлға өз кінәсін толық мойындады. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде