jasqazaq.kz

Қызылордада «құданың аяқ киімі» елді күлкіге қарық қылды (Видео)

07 шiлде 2021, 16:20

Қызылордадағы аптап ыстықтан желімі ашылып, «быт-шыты шыққан» ер адамның аяқ киімі туралы видео желіде танымал болды. Видео авторы аяқ киім тойда отырған құдаға тиесілі екенін айтады деп хабарлайды NUR.KZ.

Қызылорданың ыстығынан желімі ашылып, жарамсыз болып қалған құданың аяқ киімі туралы видео желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды. «Мынау Қызылорданың ыстығы… аяқ киімнің бүкіл желімі еріп, ашылып, быт-шыт болып кеткен. Күнде тұрғаннан сөйтіп кеткен. Оның үстіне мынау құданың аяқ-киімі ғой. Той болып жатыр. Ай, Қызылордам-ай», — дейді видеоны түсірген әйел. Желі қолданушылары «құданың аяқ киімі» туралы видеоны күлкіге айналдырды. «Құданың аяқ киіміне обал болған екен», «Енді құдаға шапанның орнына жақсы аяқ киім сыйлау керек шығар», «Енді келместей болған шығар», — дейді видеоны көргендер.

Ал Айдар Қайруллаев желідегі парақшасында 3 шілдеде Қызылордада ауа температурасы 62 градусты көрсеткенін айтады. «Қызылордада ауа температурасы 62 градус жоғары болып тұр. Қызылорда қаласындағы ауа температурасын Мұрат досым өлшегенде осылай көрсетті. Синоптиктер алдағы күндері ыстық болады деп жатыр, абай болыңыздар!», — деп ескертті ол оқырмандарын. Айта кетейік, синоптиктердің болжамынша, шілде айында еліміздің бірқатар өңірлерінде қуаңшылық болуы мүмкін. «Қазгидрометтің» ресми сайтында ұсынылған статистикалық болжамға сәйкес, шілде айында Ақтөбе (Нұра, Ырғыз), Қостанай (Қарамеңді, Амангелді), Атырау (Құлсары) және Маңғыстау облысының (Аққұдық) жекелеген пункттерінде қатты қуаңшылық болады деп күтілуде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде