jasqazaq.kz

 Асқанға-тосқан оқырмандар Отарбаевтың кітабын өртеді

09 қыркүйек 2016, 13:02

e40782f04d0380607eaaaba7270167ca

2016 жылғы ҚР Әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия мүшесі (аты-жөнін атамауды өтінген): «Жазушы Рахымжан Отарбаевтың «Шыңғыс ханның көз жасы» атты хикаят және әңгімелер жинағы іріктеу кезеңінен өтпей қалған, – дейді, – соған ызаланған ол арнайы сұхбат ұйымдастырып, қазақтың классик қаламгерлері мен олардың әлдеқашан оқырмандардың ықыласына бөленген шығармалары туралы төмен баға берген. 

dc1dcd3e09dcfa7fe4e7fd612e111975

Тіпті «Бабалар сөзі» атты 100 томдық қазақ халқының фольклорлық бай мұрасын да мансұқтаған. Тек жазушы Б.Нұржекеевті ғана «мойындауы» – оның мемлекеттік сыйлыққа ие болу ықтималдығы жоғары екеніне көзі жеткендіктен», – дейді. Сондай-ақ комиссия мүшесі: «Р.Отарбаевтың ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлына тиіскені – ертеңгі күні сыйлықтан қағылған себебін осы қылығымен байланыстырғысы келетін пендешілік ниетінен», – дейді.

45d1e29a861a989e7ebca152d2893767

Естеріңізге сала кетейік, Рахымжан Отарбаев 7 қыркүйек күні «Әдебиет порталына» сұхбат берген еді. Онда айтқан ойлары оқырмандар мен жалпы халықтың көп бөлігінің наразылығын тудырды.

Сұхбатта Абай, М.Әуезов, «Бабалар сөзі», Ә.Кекілбаев, О.Бөкей, Т.Әлімқұлов, М.Мағауин, Ө.Нұрғалиев, А.Сүлейменов туралы жағымсыз пікір білдіргені үшін, бір топ оқырман жазушының мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған «Шыңғыс ханның көз жасы» кітабын өртеді.

 

АДАСҚАҚ ТОРТАЙ, журналист 

Abai.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде