jasqazaq.kz

Канадада ер адам бүтіндей мұсылман отбасын қасақана өлтірген

08 маусым 2021, 16:38

Канаданың Лондон қаласында көлік жүргізушілері қасақана бес адамды қағып кеткен. Төрт адам, соның ішінде жасөспірім көз жұмды. Тағы бір бала ауыр жарақаттарымен ауруханада жатыр. Билік оқиғаны «мұсылмандарға бағытталған жаппай өлтіру» деп бағалаған, деп хабарлайды Stan.kz.

Күдікті ретінде Натаниэл Велтман есімді 20 жастағы канадалық ұсталды. Оған адам өлтірді, адам өлтіруге оқталды деген айып тағылған. Бұл шабуыл Канада тарихындағы мұсылмандарға қарсы жасалған ірі шабуылдардың бірі деп танылуда.

Полиция дерегінше, құрбан болған адамдардың бар кінәсі олардың мұсылман болуында.

Қайтыс болғандар арасында 74 және 44 жастағы екі әйел, 46 жастағы еркек, 15 жастағы қыз бар. Полиция 9 жастағы баланың жарақаттары ауыр екенін, алайда өміріне қауіп төніп тұрмағанын мәлім етті. Жақындарының өтініші бойынша құрбан болғандардың аты-жөні жарияланбады.

«Бұл қылмыс қоғамда, әсіресе мұсылмандар арасында қорқыныш пен алаңдаушылық тудыруы мүмкін екенін түсінеміз. Мен барлық лондондықтарды біз мұндай мінез-құлыққа және жеккөрушілікке итермелейтін адамдарға жол бермейтінімізге сендіргім келеді», — деді Лондон полициясының бастығы Стивен Уильямс.

Қала әкімі әрекетті исламофобия деп бағалады.

«Бұл мұсылмандарға, қала тұрғындарына қарсы жаппай зорлық-зомбылық, терең жеккөрушілікке негізделген. Исламофобияның бұл әрекетін жанашырлық, мейірімділік, адамгершілік, жанашырлық және әділеттілік ұстануы керек», — деді Лондон қаласының мэрі Эд Холмер.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді