jasqazaq.kz

Елордалық жастар 5 пайызбен баспана ала алады

04 маусым 2021, 14:37

Елордалық жастар 5 пайызбен баспана ала алады. Бұл туралы «Біз — ел патриотымыз» халықаралық жастар форумында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет тарапынан жастарды қолдау үшін барлық жағдай қарастырылып отыр. Соның ішінде елордалық жастардың мәселерін жан-жақты қамтитын «Елорда жастары» бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның негізі мақсаты — елордалық жастардың белсенділігін арттырып, жан-жақты дамуына мүмкіндіктер жаса, сонымен қатар жастардың әлеуетін арттырып, елдің одан әрі дамуына бағытталған жастарға басымдық беру. Бағдарлама негізгі 4 бағыттан тұрады: сапалы және қолжетімді білім, кәсіптік бағдар; жұмыспен қамту және жастар кәсіпкерлігі; баспанамен қамтамасыз ету және жас отбасыларға қолдау көрсету; денсаулық сақтау және бос уақытты ұйымдастыру», — деді қала басшысы. Оның атап өтуінше, бағдарлама аясында жастар құны 13 млн теңгеге дейінгі пәтерлерді жылына 5 пайызбен ала алады. Бағдарламаның бұл бағыты «Отбасы банкпен» бірге жүргізіледі. «Жастарды еңбекке баулу, табысқа деген ұмтылысын қолдау — қашан да пайдалы. Елордамызда жастарға кәсіптің нағыз маманы болуға және өз бастамасын жүзеге асыруға толық мүмкіндік жасалады», — деді Алтай Көлгінов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде