
Алматы-Қорғас жолында екі адам көлікте жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқиға орнынан әлеуметтік желілерде видео тарады. «2021 жылдың 3 маусымда сағат 17:59-да Алматы облысының ТЖД Еңбекшіқазақ ауданында «Алматы-Қорғас» автожолының 82 шақырымында жеңіл автокөліктің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына Алматы облысы ТЖД 4 қызметкері мен 1 техника шықты. Жақын жердегі өрт сөндіру бөлімінен қашықтық 45 км құрады.
Өрт орнында, автокөлік салонында 2 жолаушының жанып кеткен денесі табылды»,- деді Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында. Өрттің шығу себебі анықталуда. Аталған ведомство қызметінің өкілдері азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
https://youtu.be/CWFCnntHyBE