jasqazaq.kz

Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең әдемі 100 адам рейтингіне ұсынылды

04 маусым 2021, 10:02

Қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова The 100 Most Beautiful Faces of 2021 — «2021 жылдың ең әдемі 100 адамы» тізіміне ұсынылды. Спортшы тізімге ену үшін Марго Робби, Скарлетт Йоханссон және Селена Гомеспен жарысады. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлайды.

«Сәбина Алтынбекова 2021 жылғы ең әдемі жүз адамның тізіміне ұсынылды. Құттықтаймыз! Оны қолдау үшін лүпіл басып, пікір қалдырыңыздар», — деп хабарлайды TC Candler ойын-сауық сайтының Instagram-дағы парақшасында.

Сабинадан бөлек, үміткерлер тізімінде Скарлетт Йоханссон, Марго Робби, Эмма Уотсон, Зендая, Галь Гадот және басқа да атақты адамдар бар.

Жыл сайынғы «Жылдың ең әдемі 100 адамы» тізімін тәуелсіз Independent Critics сұлулық сыншылары жасайды. Рейтинг TC Candler ойын-сауық сайтында жарияланады.

Бұған дейін қазақстандық әнші, Ninety One тобының солисі Азамат Ашмақын (ACE) The 100 Most Beautiful Faces (Ең әдемі 100 адам) байқауының номинанттар тізіміне енгені хабарланған болатын.

Еске салайық, «2018 жылдың ең әдемі 100 адамы» байқауының номинанттары қатарына қазақстандық модель Айя Шалқар да кірген.

Одан бұрын Димаш Құдайберген ерлер арасында «2017 жылдың ең әдемі 100 адамы» тізіміне енген еді. Youtube желісіндегі TC Candler арнасы Димашты 76-орынға қойған болатын.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от TC Candler (@tccandler)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде