jasqazaq.kz

Қалыпты жұмыс күнін сақтамаған басшылар жазаланады

02 маусым 2021, 14:35


Қазақстанда қалыпты жұмыс күнін сақтамаған басшыларға айыппұл салу ұсынылды. Бұл норма бірінші оқылымда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске мақұлданған түзетулерде бар, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Депутат Гүлнар Бижанова заң жобасы қазақстандықтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталғанын және оларға қатысты кінәлі адамдарды жауапқа тарту тәртібін реттейтінін атап өтті.

«Тараптардың жалдамалы еңбек ететін қызметкерлерінің заңды құқықтары мен мүдделерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастыру ұсынылады. Сондай-ақ, қабылдаушы тарапқа қызметкерлеріне заңнамада көзделген жұмыс уақыты мен күнделікті жұмыстың қалыпты және қысқартылған мерзімін заңсыз ұзартқаны үшін әкімшілік жауап белгілеу ұсынылады», — деді депутат палатаның жалпы отырысында.

Сонымен қатар, ол заң бойынша прокурорда өз қаулысымен заңсыз шешімдердің күшін жою, сондай-ақ мемлекеттік органдардың негізсіз актілерін тоқтата тұру құқығы бар екенін атап өтті. Алайда оларды орындамағаны үшін әкімшілік жаза көзделмеген. Прокурордың қаулысын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгілеу ұсынылады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде