jasqazaq.kz

Air Astana Алматы мен Самарқан арасында әуе байланыс орнатады

31 мамыр 2021, 16:06

Әуекомпания Алматыдан Өзбекстанның ежелгі қаласы Самарқанға тіке рейс ашады. Екі қала арасында A321 авиалайнері 9 маусымнан бастап әр сәрсенбі және жексенбі сайын қатынайды.

Сәрсенбі сайын ұшақ Алматыдан 15:40-та ұшып, Самарқанға 16:15-те қонады. Ал Алматыға 17:45-те ұшқаннан кешкі 20:20-да жетеді. Жексенбі күндері ұшақ Алматыдан 11:20-да ұшып, Самарқанға 11:55-те қонса, қайту рейсі 13:25-те ұшып, Алматыға 16:00-де келеді. Жергілікті уақыт көрсетілген. Ұшу уақыты 1 сағат 35 минут.

Екі бағытқа әуе билетінің құны барлық төлемдерді есепке алғанда эконом-класс үшін 69 481 теңгеден, ал бизнес-класс билеті 221 332 теңгеден басталады. Билеттерді әуекомпанияның ресми сайтында, туристік агенттіктерде, әуекомпанияның сату кеңселерінде, және Брондау мен ақпарат орталығына + 7 (727) 244 44 77, + 7 (717) 2 58 44 77, + 7 702 702 44 77 нөмірлеріне хабарласып, сатып алуға болады.

Жолаушыларға Өзбекстан мен Қазақстанға кіру және транзитке қойылатын талаптарымен алдын ала www.airastana.com сайтында танысып алуға кеңес береміз.

Air Astana Өзбекстан астанасы Ташкентке 2010 жылдан бері тұрақты түрде рейс орындап келеді. Самарқан әуекомпания қатынайтын Өзбекстандағы екінші қала болады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде