
Түркістан облысында жоғалған 7 баланың үшеуі табылды. Сайрам-Өгем аңғарындағы құтқару-іздеу жұмыстарына тікұшақ тартылған еді.
Табылған балалар дін-аман. «Жағдайлары қалыпты», – дейді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.
Қалғандарын іздеу жалғасып жатыр. Олардың туыстарымен психологтар жұмыс істеуде.
24.kz