jasqazaq.kz

Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімі жұмыстан қуылды (Видео)

25 мамыр 2021, 11:39

Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов жұмыстан қуылды. Экс- әкім бұған аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақовты кінәлайды. Айтуынша, ол облыс әкімі өзін қысымға алғанын жарияланы үшін қызметтен босатылған. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады.

Нұржан ӘШІМБЕТОВ, АҚСУ ЭКС-ӘКІМІ:

Мен тура облыс әкімге айттым ғой. Ол менен сұрады. Мына молочное ферма неге мәселені қозғайсыз — деп Мен ол кісіге айттым. Мен емес прокуратура мәселе қойып отыр. «Ақсутранслогистикке» неге мәселені қозғап жатсыз маған айтады. Мен айтам мен емес. Ертең мен қол қойып финасирование жасам.Ертең мен кінәлі болам ғой.

Экс әкімнің бұл мәлімдемесін облыс әкімдігі жоққа шығарды. Әкімдіктің баспасөз қызметінің айтуынша, бұл айыптаулар шындыққа жанаспайды.

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ:

Н.К.Әшімбетовтің «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде «AksuTransLogistic» ЖШС-не қаражат бөлудің заңсыздығы туралы мәлімдемесіне қатысты бірқатар хабарламалардан кейін біз облыс әкімінің тапсырмасы бойынша бағдарламаны әзірлеуші органға өтінім жасаған болатынбыз. Онда жобаның «Жұмыспен қамтудың жол картасы» критерийлеріне сәйкестігі расталды: оны іске асыру нәтижесінде жаңа жұмыс орындары құрылып, отандық өндірушілерден тауарлар мен қызметтер алынбақ, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамытып, жақсартуға үлес қосылады. Сонымен қатар, жобаның сараптамадан өткізілген жобалық-сметалық құжаттамасы мен басқа да қажетті құжаттары бар.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Ақсу тұрғындары сүт фермасынан шығатын тезек иісіне тұншығып отырғаны туралы бейнематериал көрсеткен болатынбыз. Экс-әкім облыс басшысы заңсыз қызметтік тексеру жүргізіп, негізсіз сөгіс берді деп айыптаған еді. Осымен әкімдер айқасына нүкте қойылды. Қалаға жаңа әкім тағайындалды.

astanatv.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде