jasqazaq.kz

Air Astana Мальдив аралдарына қатынайтын рейстерді уақытша тоқтатты

17 мамыр 2021, 11:55

Air Astana үкімет қабылдаған шектеулерге байланысты 2021 жылдың 31 мамырына дейін Алматы-Мальдив бағытындағы рейсті тоқтататынын хабарлайды.

Air Astana 17, 19 бен 24 мамырда Мальдивтегі жолаушыларды қайтару бойынша рейс ұйымдастырады. КС586 рейсі Маледен жергілікті уақыт бойынша 19:35-те ұшып, Алматыға ертесіне 03:05-те келеді. ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, жолаушылар Алматыға келгеннен кейін 14 күн карантинде болуға тиісті.

Қысқартылған рейс жолаушылары әуе билеттерін сатып алған жерге хабарласып, толықтай қайтарып ала алады немесе 2021 жылдың қазанына дейінгі кез келген ашық күнге тегін ауыстырып алу мүмкіндігі бар. Толық ақпарат алу үшін билет сатып алған жерге немесе Брондау мен ақпарат орталығына +7 727 244 4477 / +7 702 702 4477 нөмірлері бойынша хабарласуды сұраймыз.

Құрметпен,

Air Astana АҚ корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департамент

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде