
Жомарт Ертаевтың жазасы жеңілдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматы қалалық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, Апелляция алқа қаулысына сәйкес, Жомарт Ертаев түрмеде 11 жыл емес тоғыз жыл отырады. Сот үкімінің қалған бөлігі өзгеріссіз қалады. «Жомарт Ертаев 9 жылға, Игорь Мажинов 7 жылға, Бақыт Ибрагим 7 жылға сотталды. Сонымен бірге, 13 сотталушыға шартты жаза қолданылды»,- делінген сот қаулысында.