jasqazaq.kz

Алматыда жалған доллар жасағандар сотталды

20 сәуiр 2021, 10:39

 

Алматыда жалған АҚШ долларын жасағандар сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Агенттіктің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жалған АҚШ долларын сақтаумен және өткізумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. «2020 жылдың тамыз айында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Алматы қаласының аумағында жалпы сомасы 4 200 доллар болатын 42 дана 100 АҚШ доллары номиналындағы жалған шетел валютасын сатумен айналысатын екі адамнан тұратын қылмыстық топ әшкереленіп, ұсталды», делінген хабарламада. Сот үкімімен айыпталушылар Қылмыстық кодекстің 231-бабы 2-бөлігі 2,3-тармағы (жалған ақшаны немесе бағалы қағаздарды дайындау, сақтау, тасымалдау немесе өткізу) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі әртүрлі жаза мерзіміне сотталды.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді