jasqazaq.kz

Алматыда жұмыссыз адамдар арасында вирус жұқтыру артқан

19 сәуiр 2021, 13:06

Соңғы 14 күнде коронавирустық инфекция жұмыс істемейтін тұрғындар арасында ең көп тіркелген, яғни 35%-ды құрап отыр. Бұл туралы Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, жыл басынан бері қалада вирус жұқтырудың 27730 жағдайы тіркелген. Бұл 100 мың тұрғынға шаққанда 1362,9 көрсеткіш. Соңғы тәулікте 665 жағдай тіркелген, тәуліктік өсім 1,4-ті құрады.

Медициналық бақылауда КВИ-дың белсенді 4375 ошағы, сондай-ақ 7006 тұрғылықты жері бойынша жақын байланыста болған және жұмыс орны бойынша 394 жақын байланыста болған адамдар бар.

1 жасқа дейінгі балалар арасында сырқаттанушылық 0,5%-ға, яғни 1,3-тен 1,8%-ға дейін артты.

Ал 14 жасқа дейінгі балалар арасында вирус жұқтыру 9,1-ден 10,1%-ға дейін, жасөспірімдер арасында 3,0-ден 3,3%-ға дейін артты. Сондай-ақ 60 жастан асқан азаматтар арасында вирус жұқтыру 23,7%-дан 24,3%-ға дейін ұлғайды, — делінген хабарламада.
Сондай-ақ департамент соңғы күндері жұмыссыз жүрген азаматтар арасында вирус жұқтыру жағдайы артқанын мәлімдеді.

Соңғы 14 күнде коронавирустық инфекцияның ең көп тіркелгені жұмыс істемейтін тұрғындар арасында — 35%, түрлі ЖШС, ЖК, АҚ қызметкерлері – 23%, зейнеткерлер арасында – 17%, оқушылар арасында – 6,2% және мектеп жасына дейінгі балалар арасында — 4%-ға артты. Халықтың қалған санаттары арасындағы жағдайдың 0,3-тен 2%-ға дейін тіркелді, — делінген хабарламада.

matritca.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде