jasqazaq.kz

КВИ таралуы бойынша екі өңір ғана «жасыл» аймақта тұр

18 сәуiр 2021, 11:28

Денсаулық сақтау министрлігінің 18 сәуірде жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, коронавирустың таралуы бойынша еліміздің 8 өңірі әлі де «қызыл» аймақтан шыға қойған жоқ. «Жасыл» аймақта тек екі облыс қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атап айтсақ:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр;

«Сары» аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары тұр;

«Жасыл» аймақта: – Қостанай және Түркістан облыстары тұр.

Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 2828 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 287 001 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте тағы 22 адам көз жұмды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде